IBM компаниясы Қазақстанда қатерлі ісікті емдеу жүйесін іске қоспақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда қатерлі ісікті емдеуде жасанды интеллект мүмкіндіктері пайдаланылмақ. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«IBM компаниясымен бірлесе денсаулық сақтауда онкология саласында жасанды интеллектті пайдалану бойынша қанатқақты жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Жүйе нақты бір науқасқа қатысты ем-дом жасаудың тиімді әдістерін анықтауға мүмкіндік беретіндей, ауқымды мәліметтер мен ғылыми мақалаларға жасалған талдауға негізделе отырып ұсыныстар береді. Алдын ала келісімдерге қол жеткізілді. Биылғы күзде жобаны іске қосу бағытында дайындық жұмыстары жүріп жатыр»,-деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл көктемде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев медицинаға соңғы буынды технологияларды енгізу бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне  Google компаниясымен өзара іс-қимылды күшейту тапсырмасын жүктеген еді .

 

Соңғы жаңалықтар