IBM және Солтүстік Каспий операциялық компаниясы (NCOC) «Қашаған» мұнай-газ кенішімен байланысты қолға алынған жобаны аяқтады

АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - IBM және Солтүстік Каспий операциялық компаниясы (NCOC) «Қашаған» ірі мұнай-газ кеніші бөлінген дата орталығын құру бойынша қолға алынған жобаны аяқтады.
None
None

Бұл туралы бүгін осы мәселеге байланысты журналистермен болған арнайы баспасөз мәслихатында «Paradigm geophysical B.V. » компаниясының Бас директоры Дамир Скороходов мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, аталмыш жоба Солтүстік Каспий операциялық компаниясына геофизикалық ақпаратты тиімді басқарып, оны солтүстік - каспий жобасының аясындағы жұмыстар барысында талдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар аталмыш жобаның ресурстары компанияның орталықтандырылған құжат айналымын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«IBM компаниясы Қазақстанды Орталық Азиядағы болашағы зор мемлекеттердің бірі ретінде қарастырады. Қазақстан бүгінде тек Азияның дамуына ғана үлесін қосып қоймай, өзге де әлемдік державалармен иық теңестіре алатын елге айналатынына сенім мол»,- деді IBM компаниясының бизнес трансформация жөніндегі вице-президенті Росс Маури.

Соңғы жаңалықтар