ICOLD бас хатшысы ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға қызығушылық танытты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парижде Франциядағы Қазақстан Елшісі Нұрлан Даненов Ірі бөгеттер бойынша халықаралық комиссиясының (ICOLD) бас хатшысы Мишель Де Винмен кездесті.

Ұйымның миссиясы мен қызметі туралы айта келе, М. Де Виво оның қатысушыларының саны тұрақты өсіп келе жатқанын, басқа да халықаралық институттармен өзара жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

ICOLD қауіпсіз, тиімді, үнемді, экологиялық бөгеттер салу саласындағы жетекші ұстанымға ие. Француздық инженерлер енгізген соңғы жаңалықтардың бірі бұрынғы инфрақұрылымды пайдалана отырып, елеулі инвестициясыз бөгеттегі су деңгейін ұлғайту үшін қауіпсіз құрылыс салуы болды. Бұл жаңартылған көзден өңделетін энергия қуатын 30 пайызға арттыруға мүмкіндік береді.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінде хабарлағандай, Н. Даненов ICOLD бас хатшысын ел басшылығының қабылдаған шаралары, өңірлік деңгейдегі күштері, сондай-ақ ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға көптеген елдер мен халықаралық ұйымдардың әзір екендігі жайлы хабардар етті.

Өз кезегінде, М. Де Виво көрмеге қатысуға қызығушылық танытты. Сонымен бірге «жасыл» экономиканы дамыту үшін бұрыннан бері пайдаланып келе жатқан гидроэнергияның жоғары маңыздылығын баса айтты.

Соңғы жаңалықтар
telegram