Иэн Гэрри Шавкат Рахмоновқа қазақ тілінде үндеу жолдады
АСТАНА. KAZINFORM – Ирландиялық файтер Йен Гэрри қызу жекпе-жектен кейін қазақстандық Шавкат Рахмоновқа тағы да үндеу жасады, деп хабарлайды Sports.kz.

– Шавкат, жекпе-жекті қабылдамауыңа болса да, оған шықтың, титулдық жекпе-жекке тәуекел еттің. Саған, талантыңа деген құрметтен басқа ештеңем жоқ. Құттықтаймын және тағы да кездесетін сәтімізді асыға күтемін – екеуміз де кімнің қауіптірек жауынгер екенін білеміз, - деп жазды Гэрри Instagram парақшасында қазақ және ағылшын тілдерінде.
Еске сала кетсек, кеше қазақстандық Шавкат Рахмонов (18-0) Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) UFC 310 турнирінде ирландиялық файтер Иэн Гэрримен жекпе-жекке шығып, төрешілердің бірауыздан шешімімен қарсыласынан басым түсті.
«Номад» мансабында алғаш рет қарсыласын мерзімінен бұрын жеңе алмады.
Бұдан бұрын UFC-дің YouTube арнасында қазақстандық Шавкат Рахмонов (18-0) пен ирландиялық Иэн Гэрри (15-0) арасында өтетін жекпе-жекке арналған фильм жарық көрді.