05:06, 27 Шілде 2014 | GMT +5
Иесін 2 жыл өткен соң көрген ит есінен танып қала жаздады - ВИДЕО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ит - адамның досы. Олар иесінің жұмысқа немесе алыс сапарға кеткелі жатқанын сезіп, көп жағдайда қыңсылап қалғылары келмейді. Ал керісінше қайтып келіп жатса, еркелеп, қуаныштарын «білдіріп» жатады.

Сондай оқиғалардың бірі Американың Пенсильвания штатында орын алды. Екі жыл көрмеген иесін қарсы алған ит туралы видео Youtube-де 5 миллионнан артық көрермен жинаған екен. Сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінен 1,5 мыңнан аса адамдар өз пікірлерін білдірген, деп жазады шетелдік БАҚ.