Иесіз пакеттің кесірінен Қостанайдағы ХҚКО-дағылар эвакуацияланды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін сағат 12.05-те Қостанай ІІД Жедел басқару орталығының 102 пультіне Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері ғимараттың залында иесіз қапшық жатқаны туралы қоңырау шалған. Бұл туралы Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Иесіз пакеттің кесірінен Қостанайдағы ХҚКО-дағылар эвакуацияланды

«Оқиға орнына Қостанай облыстық ІІД жедел-тергеу тобы барып, қапшықты тексерді, - делінген хабарламада. - Онда қапшықты ұмыт қалдырған келушінің жеке заттары болған».

Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысы тоқтатылып, қызметкерлер мен келушілер сыртқа шығарылды, тексерістен кейін 20 минут өткен соң, ХҚКО жұмысы қайта жанданды.