IFC Қазақстандағы химиялық өнім өндірісінің тиімділігін арттыруға көмектеспек

IFC іріктеуден өткен жергілікті компаниялардың қызметтерін жақсарту және ресурстарды тиімді пайдалану нәтижесіндегі шығындарды қысқарту бойынша оларға жан-жақты зерттеулер жүргізеді.
Өндірістік химиялық заттар, шамамен, әлемде өндірілетін азық-түлік өнімдерін жартысында пайдаланылады.
«Қазақстанның химиялық заттар мен тыңайтқыштар шығаратын өнеркәсіптері экспорттық өнімдердің ірі жеткізушісі және жұмыс беруші болып табылады» - дейді IFC-дің Еуропадағы және Орталық Азиядағы ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі бағдарламасының менеджері Вера Фекова.
IFC зерттеулерінің қорытындылары корпоративтік менеджерлерге өздерінің қызметтерін әртүрлі бәсекелестердің қызметтерімен салыстыруға арналған тәжірибелік құрал ретінде қызмет етеді және жетілдіруді қажет ететін салаларды анықтауға көмектеседі.
Дүниежүзілік банк тобына кіретін IFC өз қызметін экономикасы дамып келе жатқан және өтпелі кезеңде тұрған елдердегі жеке секторға шоғырландырған ең ірі жаһандық институттардың бірі болып табылады.