IFSB Бас хатшысы: Қазақстанда исламдық сақтандыру нарығын дамыту қажет

Айта кетейік, елордада Ислам қаржыландыру қызметі кеңесінің (Islamic Financial Services Board - IFSB) апталығы өтіп жатыр.
«Осы апталық аясында исламдық сақтандыру мәселесі бойынша семинар ұйымдастырылды. Бұл шара барысында Қазақстан және Орталық Азияда капитал нарығын дамытуға қатысты қадамдар пысықталды. Біз банктік сектордың белсенді дамуын байқап отырмыз. Сонымен қатар, сақтандыру қызметтері, оның ішінде исламдық сақтандыру Қазақстанда және ТМД елдерінде дамуы керек деп санаймыз», - деді Белло Лавал Данбатта тілшілер сауалына жауап бере отырып.
Оның сөзіне қарағанда, Ислам қаржыландыру қызметі кеңесі апталығы аясында исламдық қаржы нарығына байланысты жұмыс топтарының отырыстары өтті.
IFSB - Ислам қаржыландыруы институттарының тиімді қадағалануы мен реттеуі бойынша талаптарды дайындайтын халықаралық орган.
АХҚО 2017 жылдан бері IFSB-ның тұрақты өкілі. Бұл ұйымның өкілі болу Ислам қаржыландыруы институттарының бірегей талаптарын дайындау кезінде тиімді жәрдемдестік танытуға көмектеседі.