Игорь Мұсалимов ТМД Парламентаралық Ассамблеясындағы өкілетті өкілі болып бекітілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәжіліс және Сенат Бюросы өз отырыстарында ТМД-ның Парламентаралық Ассамблеясындағы өкілетті өкілі лауазымына Игорь Мұсалимовтың кандидатурасын бекітті.
None
None

Игорь Мұсалимов дипломатиялық жұмыста тәжірибесі мол, Қазақстанның Беларусь, Литва, Чехия, Грузия, Молдовадағы дипломатиялық өкілдіктерінде жұмыс істеген. 2019 жылғы маусымнан бері ҚР Сыртқы істер министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі.

Айта кету керек, ТМД Парламентаралық Ассамблеясының құрамына кіретін әрбір Парламент ТМД ПАА Кеңесінің Хатшылығына тұрақты негізде жұмыс істейтін өзінің өкілетті өкілін жібереді.


Соңғы жаңалықтар