Игорь Сон Олимпиада жүлдегеріне берілген ақшалай сыйлық пен пәтерден айырыла ма

«2020 жылы Токио Олимпиадасында алынған Игорь Сонның допинг сынамасы таза болғандықтан, Олимпиаданың қола медалі, сондай-ақ оған берілген ақшалай сыйлық пен пәтер алынбайды», - деп атап өтті Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ведомствоның мәліметінше, WADA халықаралық ережелеріне сәйкес, жоғары нәтиже көрсеткен кәсіби спортшылар, Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлер жүйелі түрде допинг сынағынан өтеді.
Осыған байланысты 2022 жылғы 2 наурызда Жетісу облысындағы турнирде Игорь Соннан допинг-сынама алынып, ол оң нәтиже берді.
«WADA стандарттарына сәйкес сынама бірнеше рет тексерілді. Нәтижесінде, WADA ережесі бойынша спортшыны 8 жылға дисквалификациялау туралы шешім қабылданды. Ол 2022 жылдың 8 наурызынан 2030 жылдың 28 наурызына дейін созылады», - деп нақтылайды министрлік.
Еске сала кетейік, Олимпиада жүлдегері Игорь Сон допинг қолданғаны үшін 8 жылға спорттан шеттетілген болатын.Фото: sports.kz