ІХ Қазан халықаралық мұсылман кинофестивалінде қазақстандық «Әке» фильмі ең үздік қысқаметражды ойындық кино деп танылды

Қазан қаласының ресми порталындағы мәліметке қарағанда, оның негізгі байқау бағдарламасында 27 елден келіп түскен 10 анимациялық, 20 деректі, 20 ойындық фильмдер көрсетілген. Олар Еуропа мен ТМД-дағы 30 елден келіп түскен 300 фильмнің арасынан іріектеліп алынған көрінеді.
Олардың арасынан Карен Шахназаров бастаған қазылар алқасы сербиялық Срдан Голубовичтің «Шеңберін» «Үздік ойындық фильм», қазақстандық Айнұр Исмайылованың «Әкесін» «Үздік қысқаметражды ойындық фильм», әзірбайжандық Фариза Ахмедованың «Еріген арал» киносын «Үздік қысқаметражды ойындық емес фильм», германиялық Мартин Гернердің «Құдыз ұрпағы - бөтен соғыс» шығармасын «Үздік ойындық емес фильм», ирандық Холамрез Бахрам Азимидің «Масулех» ауылы» туындысын «Үздік анимациялық фильм» деп таныды. Бұдан бөлек «Үздік операторлық жұмыс», «Үздік сценарий», «Үздік ер адам рөлі", «Үздік әйел адам рөлі», «Үздік режиссерлік жұмыс» аталымдары бойынша да жеңімпаздарды анықтады.
Сондай-ақ Татарстан Республикасы Президентінің, ТҮРКІСОЙ халықаралық түркі мәдениеті ұйымының, Киносыншылар гилдийінің және Ресей кинорежиссерлар гилдийінің, Ресей және Татарстан анимациялық кино қауымдастығының, ТМД істері федеральдық агенттігінің, Ресей мүфтилер кеңесінің арнайы жүлделері табыс етілді.