III Карл өзінің суреті бейнеленген банкноттарды бірінші рет көрді

Карл
Фото: ВВС

АСТАНА. KAZINFORM  - Ұлыбритания алғаш рет банкноттарындағы монархты өзгертті. Король Чарльз өз портреті бар банкноттарды сыйлыққа алды, деп жазды ВВС.

Англия банкінің губернаторы Эндрю Бэйли мен бас кассир Сара Джон Букингем сарайында корольге оның суреті бейнеленген алғашқы банкноттарды сыйға тартты. Енді жаңа монарх айналымдағы барлық номиналдарда пайда болады: бес, 10, 20 және 50 фунттық купюралар.

Король дәстүр бойынша, жаңа банкноттардың алғашқы данасын алуға міндетті. Бұл монархқа 00001 нөмірлі банкноттар берілгенін білдіреді. Чарльз бейнеленген банкноттар бұрынғы патшайым II Елизавета бейнеленген банкноттармен қатар қолданылады.

Корольге қатерлі ісік диагнозы қойылғаннан кейін ол бірнеше ай бойы халық көп жиналатын іс-шараларға қатыспай жүрген болатын. Дегенмен Карл әлі де үкіметтің қазір істерімен айналысады және кездесулер өткізеді.

Карл
Фото: ВВС

Марқұм патшайым Англия банкі шығарған барлық банкнотта портреті бейнеленген алғашқы монарх болды. Сондықтан банкноттардағы монархты өзгерту ісі Ұлыбритания тарихында алғаш рет жүзеге асырылып отыр.

Биліктегі монархтың портреті тек Англия банкі шығарған банкноттарда басылады. Ал патшайым мен қазіргі корольдің портреті Шотландияда басылған банкноттарда басып шығарылмайды.

Бұған дейін маусым айында III Карл бейнеленген банкноттар шығарылатыны хабарланған еді.

Соңғы жаңалықтар