Маусым айында III Карл бейнеленген банкноттар шығарылады

банкнота
Фото: Bank of England

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлыбритания купюраларындағы патшайым II Елизавета бейнесін британдық жаңа монарх портреті алмастырады,  деп жазады Euronews.

Ұлыбритания королі III Карл суреті бар банкноттар маусым айында айналымға шығады, деп хабарлады Англия банкі.

Ескі банкноттардың (айналымда қалады) жаңадан айырмашылығы – оларда патшайым II Елизаветаның орнына оның өткен жылы британ тағына отырған ұлы бейнеленеді.

Монархтың портреті 5, 10, 20 және 50 стерлинг купюраларында болады.

Жаңа банкноттардың алғашқы партиясы аукционда сатылады. Жиналған қаражат қайырымдылыққа жұмсалмақ.

Соңғы жаңалықтар