III ТМД елдері ойындары: Қазақстан қоржынына тағы 2 күміс, 5 қола медаль түсті
АСТАНА. KAZINFORM - Әзірбайжанның бірнеше қаласында III ТМД елдері ойындарының кезекті жүлделері сарапқа салынып жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті.

Қазақстандық спортшылар бадминтон, нысана көздеу, семсерлесу мен күрес түрлерінен бақ сынап, жүлделі орыннан көрінді.
Пневматикалық винтовкамен нысана көздеу, 10 м: Қазақстан құрамасы (Александра Ле, Никита Шахторин) - күміс
Еркін күрес: Риза Изахар (110 кг) - күміс
Пневматикалық тапаншамен нысана көздеу, 10 м: Валерия Попелова - қола
Әйелдер күресі: Нұрайым Саяхмет (65 кг) - қола
Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы - қола
Бадминтоннан Қазақстан ерлер командасы Мұстафа
Мәлікжан/Арнұр Тәпішев) - қола Бадминтоннан Қазақстан әйелдер құрамасы (Алиса Кулешова/Диана Наменова) - қола.
-Қазір Қазақстан құрамасы еншісінде 9 алтын, 22 күміс, 41 қола медаль бар. Бұл әзірге жалпыкомандалық есептегі 5-орын. Әзірбайжандағы ойындар 8 қазанда аяқталады,-делінген хабарламада.
Осыған дейін Дана Әбдірованың дзюдодан жастар арасында әлем чемпионатында күміс алғаны туралы жаздық.