ІІМ: 4 мыңнан аса қамаудағы адам өз дауыстарын бере алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ішкі істер органдарына қарасты әртүрлі дәрежедегі түзету мекемелерінде отырған 4 мыңнан аса адам бүгін Қазақстанда өтіп жатқан сайлауға қатыса алады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуов мәлім етті.

ІІМ: 4 мыңнан аса қамаудағы адам өз дауыстарын бере алады

«Бүгінде Ішкі істер министрлігіне қарасты арнайы түзету мекемелерінде дауыс беруге құқылы төрт мыңнан аса адам бар. Бұл азаматтардың Конституциялық құқығын орындау үшін сайлау комиссиясымен келісіле отырып, бірқатар арнайы орындарда сайлау учаскелерін құрдық. Ал, мұндай учаскелер құра алмаған өзге түзету мекемелерінде дауыс беру дүңгіршіктері тасымалданады», - деп түсіндірді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстан Республикасында Парламент Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат сайлауы өтіп жатыр. Қазақстан мен шет елдерді қоса алғанда, барлығы 9840 сайлау учаскесінде таңғы сағат 07.00 беру дауыс беру жүріп жатыр. Дауыс беру кешкі сағат 20,00-де аяқталады.