10:01, 08 Қаңтар 2022 | GMT +6
ІІМ: 4266 адам ұсталды, арасында шетелдіктер бар
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұсталғандар арасында шетел азаматтары бар. Алматы облысы ауылдарының бірінде 100-ден астам адам ұсталған. Алдын ала мәлімет бойынша, көршілес мемлекет азаматтары ұсталды. Жамбыл облысының елді мекенінде қару қоймасы (бірнеше автомат пен тапанша) анықталған. Бұл туралы ІІМ хабарлады.
Сондай-ақ Алматы полицейлері Қалқаман шағынауданындағы көлікке техникалық қызмет көрсету орнынан патрондар, оқ-дәрілер мен ұрланған мүлік (велосипедтер, теледидар және ұялы телефондар) анықтаған.
Сот алды тергеу амалдары жүргізілуде.