ІІМ Ішкі әскерлері үшін сатып алынған жаңа Ан-74ТК-200 ұшағы көрсетілімдік ұшуын жасайды
Жаңа ұшақтың тұсаукесер рәсіміне полиция генерал-лейтенанты Қалмұханбет Қасымов бастаған Ішкі істер министрлігінің басшылығы, Ішкі әскерлер Бас қолбасшысы генерал-майор Руслан Жақсылықов, Ішкі әскерлер қолбасшылығы және Қорғаныс министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің, ҰҚК Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әуе қорғанысы күштерінің және Ұшу қауіпсіздігі бойынша бас басқармасының, «Бүркіт» МАК» РМК өкілдері, Харьков мемлекеттік авиациялық өндіріс кәсіпорнының (ХМАӨК) бас директоры Анатолий Мялица, Украинаның Қазақстан Республикасындағы елшісі Олег Демин, Қазақстан Республикасы және Қырғыз Республикасындағы қорғаныс мәселелері бойынша атташе, әскери, әскери-әуе атташесі Анатолий Яценюк, сыртқы экономика әрекеттері бойынша және маркетинг департаменті директоры Юрий Букреев қатысады.
Ұшақ Алматыдан сағат 12.00-де ұшып келіп, қонар алдында демонстрациялық ұшуын көрсетеді.
Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің қажетіне сатып алынған Харьков мемлекеттік авиациялық өндіріс кәсіпорнының (ХМАӨК) Ан-74ТК-200 ұшағы қызметтік-жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін Ішкі әскердің авиациясына қойылатын барлық талаптарға сай жасалған.
Аталған әуе кемесі 2013 жылы Харьков МАӨК жасалған және тұтас металды, рамполы, тасымалдау-конвертирлеу үлгісі болып табылады. Ол тактикалық, бейбіт және гуманитарлық миссияларды орындау үшін арнайы құрастырылған және автономды түрде қысқа ұшып-қону алаңдарында, жасанды және жермен тегістелген кең диапазондағы аэродром биіктіктері мен ауа райының жағдайларында, жәй және күрделі метеорологиялық жағдайларда, күндіз түні қолдануға арналған.