ІІМ ҚАЖ комитетінің қызметкері қызметтен тыс уақытында қаскөйді құрықтады

АСТАНА. 14 шілде. ҚазАқпарат - ІІМ ҚАЖ комитетінің қызметкері қызметтен тыс уақытында қаскөйді құрықтады, деп хабарлпады ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметі.
None
None

ІІМ ҚАЖ комитетінің қызметкері әділет полковнигі Дидар Атантаевтың айтуынша, бүгін таңсәріде 8-қабаттағы балконнан тұрақтағы автомобильдердің есіктерін шұқылап жүрген бейтаныс ер адамды көзі шалған.

Біраздан соң иномаркалардың бірінің есігі ашылған (дабыл қағу тетігі жұмыс істемеген, әлде мүлдем болмаған). Ер адам салонға кіріп, онда бірнеше минут болып, қайта шыққан және басқа автомашиналардың есіктерін тартқыштай бастаған. Сәлден соң ол қожайыны «темір тұлпарының» есігін кілттеуді ұмытқан машинаға тап болды. Осы кезде 102 нөміріне қоңырау шалып үлгерген Д,Атантаев қаскөймен бетпе-бет келіп, ұстап алды. Бұның босатуын сұрап жалбарынған ер адам одан кейін қарсылық көрсетіп, Б.Момышұлы көшесіне қарай қаша жөнеледі.

Спорттың бірнеше түрінен разряды бар әділет полковнигі қашқынды әудем жерге жеткізбей қолға түсірді. Сол сәтте кезекші жасақ та келіп жетіп, қаскөй полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар