22:13, 12 Желтоқсан 2014 | GMT +5
ІІМ ТЖ комитеті төрағасының орынбасары Риддер тұрғындарына Жолдауды жүзеге асыру бағыттары жайлы жан-жақты хабардар етті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Елбасының Жолдауын ақпараттық түсіндіру тобы құрамындағы ҚР ІІМ ТЖ комитеті төрағасының орынбасары Владимир Беккер Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласының тұрғындарымен, сондай-ақ ШҚО ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ МӨСБ, ӘТҚБ жеке құрамдарымен, Риддер қаласы ТЖБ басшылығы және қызметкерлерімен кездесті.
Басқосу барысында «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Президент Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде инфрақұрылым дамуының жоспарлары, көлік-логистикалық инфрақұрылым бағыттары туралы жан-жақты айтылды. Сондай-ақ энергетиканың дамуы, ТКШ инфрақұрымдарының және сумен-жылумен қамтамасыз етудің қайта жаңғыртылуы жоспарлары түсіндірілді.
Тыңдаушылар осы бағыттардың Риддер өңірінде орындалулары жайлы ақпарат алды.
Кездесуде әлеуметтік қорғау, 2015-2017 жылдарға Ұлттық қордан қосымша 3 млрд. доллар бөлінуі және бұл қаражатты тиімді және орынды қолдануда Үкіметтің берген тапсырмасын орындау жайы түсіндірілді, деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.