ІІМ университеттерінде жаңа білім бағдарламалары пайда болады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарындағы білім беру бағдарламаларының тізбесі жаңармақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ІІМ университеттерінде жаңа білім бағдарламалары пайда болады

Тиісті бұйрықтың жобасы «Ашық НҚА» порталында 31 шілдеге дейін қоғам талқылауында болады.

Құжат бойынша елдің бірнеше қаласындағы оқу орнында жаңа мамандықтар оқытыла бастайды.

Алматы академиясы:

• IT-Ішкі істер органдарының қызметін криминалистикалық қамтамасыз ету (Цифрлық криминалистика);

• Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету;

• Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;

• Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету» (ғылыми және педагогикалық бағыт).

Ұлттық гвардия академиясы:

• Әскери барлау тактикалық басшылық;

• Басшылық тактикалық әскери психология.

Сондай-ақ, магистратура деңгейіндегі білім беру бағдарламаларының тізімінде де өзгерістер бар:

ІІМ Қарағанды академиясы:

• Ұлттық қауіпсіздік және әскери;

• Қоғамдық қауіпсіздік;

• Құқық қорғау қызметі.

ІІМ Қостанай академиясы:

• Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс

• Қоғамдық қауіпсіздік;

• Құқық қорғау қызметі;

• Педагогикалық ғылымдар;

• Педагогика және психология.

Дәл осындай мамандықтар ІІМ-нің өзге де қалаларындағы жоғары оқу орындарында пайда болмақ.

Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты да магистратура бағдарламасы бойынша қызмет көрсетуге лицензия алған. Осылайша, білім ордасында «Құқық қорғау қызмет» бағдарламасы ғылыми және педагогикалық мақсатта оқытылады.