ІІМ заңдастырылмаған шетелдік көліктер туралы: Не елден шығарады, не бөлшектеп сатсын

АСТАНА. ҚазАқпарат – ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев мемлекет ұсынған мүмкіндікті пайдаланбай, шетелдік көлігін заңдастырмаған адамдарға не істеуге болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ІІМ заңдастырылмаған шетелдік көліктер туралы: Не елден шығарады, не бөлшектеп сатсын

«Автокөлігін заңдастырмаған адамдардың тағдыры шара аяқталғаннан кейін қалай болады?» - деп сұрады БАҚ өкілі орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, мұндай адамдарда екі-ақ жол бар.

«Заңдастырудан өтпеген көліктердің иелері қайтадан әкелген еліне шығаруы керек болар немесе бөлшектеп, қосалқы бөлшек ретінде сатып құтылатын шығар. Мен басқа жолын көріп тұрған жопын», - деді ІІМ өкілі.