Иіркөл кенішінде жұмыс орны қысқармайтын болды

ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Қызылорда облысының Шиелі ауданы жерінегі "Иіркөл" кенішіндегі зерттеу мен барлау жұмыстары өткен ғасырдың сексенінші жылдары басталды.
None
None
Сол уақытта алғашқы 80 тонна уран өндірілді. Кеніш басындағы қазіргі зауыт құрылысы 2006 жылы басталып, 2008 жылдың тамызында пайдалануға берілді. Жиырма жылға жоспарланған жобаның жалпы құны 3 млрд. 691 миллион теңгені құрайды. "Иіркөл" кенішінің бастығы Әшім Оразбекұлы ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында кеніште жұмыс орнының қысқармайтынын баяндады. - Жоспар бойынша 2008 жылы 300 тонна уран шығарылса, биыл 450 тонна алу көзделіп отыр, - деді ол. - 2010 жылы өнім көлемі 750 тоннаға жетпек. Тәулік бойына зауытта 78 адам еңбек етеді. Үстіміздегі жылы қосымша тағы отыз жұмыс орны ашылады. Жұмысшылардың дені сол жерге жақын елді мекендердің тұрғындары. Зауытқа керекті мамандар Қ.Сәтбаев атындағы Ұлттық техникалық университеті мен Ресейде оқытылады. Уран өндіруден әлемде Австралия мен Канададан кейінгі үшінші орында келеміз. Казатомөнеркәсібі ҰАК 2015 жылға қарай өнім көлемін арттырып бірінші орынға шығуды межелеп отыр. Өткен жылғы қарашаның 21-інде Ұлттық инвесторлар кеңесінде Мемлекет басшысы Үкімет алдына бірқатар міндеттер қойды. "Қалыптасқан жағдайдан шығу үшін бағдарламалар әзірленуде. Бұл тығырықтан шығуға мемлекетіміздің мүмкіндіктері бар. Бизнес-қауымдастықпен бірлескен жұмыс барысында табысқа жетеміз, сөйтіп экономикалық белсенділіктің дағдарыстан кейінгі толқынына дайындаламыз" ? деп атап көрсеткен болатын Елбасы осы кеңесте.Мемлекет басшысы жүктеген міндеттер үдесінен шықсаң қиын асуларды еңсеруге болады. Бір ғана біздің "Иіркөл" кенішіндегі қарқынды жұмысты соның жарқын мысалына жатқызар едім. Тұрақты жалақысы мен жұмыс орны бар кәсіпорын жұмысшыларына қысқару немесе жұмыссыздықтың қаупі жоқ. Сондықтан олар да алдағы күндеріне сенімді. Тәулігіне бір тоннаға дейін уран шикізатын өңдейміз. Алдағы жылдардың жоспарлары тіпті орасан.Таза құмның үстіне салынған кенішіміз қазірдің өзінде қалашыққа айналып келеді. Өткен жылы 400-дей түрлі ағаш егіліп, толық көктеді. Көгалдандыру жұмыстары жалғасатын болады. Аз ғана жыл бедерінде "Иіркөл" кеніші құм ішіндегі жасыл желекті, өндіріс қуаты мол кәсіпорынға айналады деп отырмыз. Күнделікті ақпараттан көріп отырғанымыздай, қиындыққа қарамастан елімізде күн сайын түрлі өндіріс орындары ашылып жатыр. Осының өзі-ақ, экономикамыздың тоқтаусыз дамуының нышаны деп ойлаймын. Тағы бір айта кететін жайт, бізден өндірілетін өнімнің зияндығына қатысты. Кеніштегі уран жер астынан алынып, ұнтақ күйінде Өскемендегі өңдейтін зауытқа жіберіледі. Ал ұнтақ күйінде ол қауіпсіз саналады. Дегенмен, жұмысшылар күнделікті медициналық тексеруден өткізіліп, жылына бір мәрте арнайы қаралады. Уран өндірісі қолға алынғалы радиациядан зардап шеккен адам тіркелген жоқ. Кеніштегі орташа жалақы мөлшері 60-70 мың теңге көлемінде. Жұмысшыларға арнайы киімдер беріледі. Тамақтану, монша мәселелері толық шешілген. "Иіркөл" кеніші қазірдің өзінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпалын тигізіп отыр.
Соңғы жаңалықтар