13:34, 27 Тамыз 2014 | GMT +5
ИКАО қақтығыс жүріп жатқан аймақтар туралы әуе компанияларына мәлімет беріп отыруға ниетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы (ИКАО) жауынгерлік іс-қимыл аймақтарында әуе сапарлары туралы әуе компаниялары мен түрлі елдердің билігін ақпараттандыруға көмектесетін екі жаңа жоба жайында жариялады.

Бұндай шешім екі күндік кеңестің қорытындысы бойынша қабылданды. Онда Украинаның шығысында 17 шілдеде апатқа ұшыраған MH17 рейсінің негізінде әуе сапарларының қауіпсіздігі талқыланды.
Естеріңізге сала кетейік, осы апат салдарынан борттағы барлық 298 адам ажал құшқан болатын. Ұшақтың «қара жәшіктері» британдық мамандарға тапсырылған еді.
Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, кеңес барысында ИКАО болуы мүмкін қауіптер жайында әуе компанияларын уақтылы ақпараттандыруға басымдық беретіндігін алға тартты.