ИКОМОС миссиясы БҰҰ Бүкіләлемдік мұралар тізіміне ұсынылған нысандарды аралайды

АСТАНА. KAZINFORM – Осы жылдың қыркүйегінде ИКОМОС миссиясы елімізге келіп, ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне ұсынылған нысандарды аралайды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінен мәлім етті.

Мәдени мұра
Фото: Мақсат Шағырбай/Kazinform

- 2013 жылы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен алғаш рет Қазақстан Республикасының Материалдық емес мәдени мұрасының Ұлттық тізімі бекітілді. Оның құрамына материалдық емес мәдени мұраның 45 элементі кірді. 2024 жылы осы ұлттық тізбеге толықтырулар енгізілді және бүгінгі күні оған 79 элемент қосылды. Соңғы 10 жылда Қазақстан ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтiк тiзіміне қазақ халқының 14 элементін енгізді. Оның ішінде алтауы қазақ мәдениетіне қатысты», - деді ведомстводан агенттік сауалына орай.

Ұсынылған мәліметке сәйкес, тізімге енген қазақ мәдениетіне қатысты элементтер мыналар:

  • Домбыра күйін орындау өнері
  • Қазақ күресі
  • Асық ойыны
  • Қазақ жылқышыларының дәстүрлі көктемгі мерекелік әдет-ғұрыптары: бие байлау, айғыр қосу, қымызмұрындық
  • Ұлттық би Ортеке
  • Беташар (үйлену рәсімі).

Жалпы түркі мұрасының бөлігі саналатын 8 элемент мыналар:

  1. Киіз үй жасау шеберлігі
  2. Айтыс
  3. Наурыз
  4. Қатырма нан
  5. Қорқыт мұрасы
  6. Тоғызқұмалақ
  7. Саят құстармен аң аулау
  8. Қожанасырдың ауызша фольклоры.

- Өткен жылдың 2-7 желтоқсан аралығында Парагвай астанасы Асунсьонда өткен ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраны қорғау комитеті отырысының 19-сессиясында Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтiк тізіміне ежелгі қазақ салт-дәстүрлерінің бірі Беташар енгізілді. Сондай-ақ, қазақ мәдениетіне жататын элемент – Салбұрын Материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы Конвенцияның үкіметаралық комитетінің бекітуінде. Оның нәтижелері комитет отырысының қорытындылары бойынша айтылады. Номинацияларды қарау циклі 3-4 жылды құрайды. Бұл номинациялар 2022 жылы берілген. Сондай-ақ, Қазақстанның қатысуымен кесте – Сюзанна өнері бойынша көпұлтты номинацияны Өзбекстан үйлестіреді және 2024-2025 жылдар циклінде тапсыру жоспарланған. Сонымен қатар, 2024 жылы Қазақстан Материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы халықаралық конвенция аясында кезекті рет мерзімді баяндама ұсынды, - деді министрліктен.

туризм
Фото: Мақсат Шағырбай/Kazinform

Қазақстан Дүниежүзілік мұра тізімінде 10 тарих және мәдениет ескерткішін 3 номинациямен ұсынылған. ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне Қазақстанның алғашқы номинациясы 2003 жылы - Түркістан облысындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі орта ғасырдағы сәулет өнерінің жауһары ретінде енгізілген. ЮНЕСКО тізіміне екінші аталым 2004 жылы енгізілген. Бұл - Алматы облысындағы Тамғалы шатқалының петроглифтері.

- 1988 жылы ЮНЕСКО-ның бірнеше бағытты қамтитын «Жібек жолы жан-жақты зерттеу – диалог жолы» халықаралық жобасы басталды. Қазақстан Орталық Азиядағы дала жолы» бағытының белсенді қатысушысы болды. Нәтижесінде Қазақстан өз аумағында Ұлы Жібек жолының төрт негізгі бөлігін (Семиреченск, Сырдария, Сарыарқа және Каспий маңы) анықтады. 2014 жылы Қазақстан Семиреченск бөлігінің 8 тарихи және мәдени ескерткіштері Қытай мен Қырғызстан бірлескен Талғар, Қарамерген, Қойлық, Ақтөбе, Қостөбе, Құлан, Өрнек, Ақыртас қалшықтары ЮНЕСКО тізіміне ұсынды, - деп нақтылайды ведомстводан.

Қазіргі уақытта ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра орталығының қарауында екі номинация жобалары бар:

  1. «Маңғыстау жерасты мешіттері» (жерасты мешіттері Бекет ата, Караман ата, Шопан ата, Шакпак ата, Султан эпе).
  2. «Жібек жолы: Ферғана-Сырдария дәлізі» ( Отырар, Сауран, Яссы, Сыганак, Жанкент қалашықтары, Жетыасар оазисінің ескерткіштері).

- 2025 жылғы қыркүйекте ИКОМОС миссиясы номинацияланған нысандарды аралау мақсатында келеді деп жоспарланып отыр, - деді Мәдениет министрлігі.

Айта кетейік, «Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі» атты көптомдықта: «Салбұрын – саят адам аяғы жетпейтін алыс қиырға топтанып, ұзақ уақытқа аң аулауға шығу» деген анықтама берілген.

Ал ИКОМОС – Ескерткіштер мен көзтартарлық орындарды сақтау жөніндегі халықаралық кеңес. Бұл халықаралық ұйым қызметі бүкіл әлемдегі мәдени-тарихи орындарды сақтау мен қорғауға бағытталған. Ол 1964 жылы Венеция хартиясы қабылданғаннан кейін бір жылдан соң құрылған. Кеңес БҰҰ Бүкіләлемдік мұралар тізіміне қосуға ұсынылған нысандарға бағалау жүргізеді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» бағдарламасына Абай қолжазбасындағы «Қара сөздер» кіруі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар