Икрам Адырбековтің Алматы облысындағы кездесулерінде Жолдаудың басым бағыттарын іске асыру жайлы әңгіме өрбіді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру аясында Алматы облысына барды.
None
None

Ол Еңбекшіқазақ ауданындағы мекемелер қызметкерлерімен, мәслихат депутаттарымен, ардагерлермен және гуманитарлық-экономикалық колледждің еңбек ұжымымен, Түрген, Қаракемер, Евгенемаловодный ауылдық округтерінің, сондай-ақ Шелек және Есік қалаларының тұрғындарымен кездесті.

Жүздесу барысында Жолдауды ықыласпен қарсы алған Алматы облысының тұрғындары оның негізгі ережелерін талқылай келіп, Қазақстанның «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының басым бағыттарын іске асыру жайында ойларын ортаға салды.

Соңғы жаңалықтар