ИКҰ-ға төрағалық ете отырып Қазақстан конфессияаралық диалогты қалыптастыруға мүмкіндік ашатын болады - Өзбекстандағы ҚР елшісі
Бұл туралы жергілікті және шетелдік журналистер үшін өткен брифинг барысында Өзбекстандағы ҚР-дың Төтенше және өкілетті елшісі Бөрібай Жексембин жария етті.
Елшінің атап өткеніндей, биыл Қазақстан 57 мемлекеттің басын қосып отырған, әлемдегі беделді ұйымдардың қатарынан табылатын Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық етуде.
«Қазақстан Батыс және Ислам әлемдері арасындағы диалогты нығайту жөніндегі бастамаларды алға бастады. Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық еткендігі, ал 2011 жылы ЕҚЫҰ Үштігінің ішінде жұмыс істейтіндігі ЕҚЫҰ мен ИКҰ арасындағы диалогты қалыптастыру мен нығайту үшін қажетті жағдайды жасайды», - деп атап өтті Б.Жексембин.
ҚР елшісінің атап өткеніндей, ИКҰ-ға төрағалық етуі кезінде Қазақстан сыртқы саясатының азиялық бағытын күшейтуі керек.
«Жалпы алғанда, Қазақстан ИКҰ-ға басшылық етуін жауапкершілікпен бастап, мұсылман әлемінің өзекті мәселелерін шешуде белсенді жұмыс атқаруды көздеп отыр», - деді елші.