Илья Ильин ауыр атлетикадан Ұлыбритания студенттері арасындағы чемпионатты тамашалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Илья Ильин ауыр атлетикадан Ұлыбритания студенттері арасындағы чемпионатты тамашалады. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Лондон қаласындағы Әулие Мария атындағы университетте өткен студенттер арасындағы чемпионатты тамашалау барысында И. Ильин Ұлыбритания ауыр атлетика Федерациясының атқарушы директоры Эшли Мэткафпен кездесті.

Екі дүркін Олимпиада чемпионы және төрт дүркін әлем чемпионы жарысқа қатысушы британдық студенттермен кездесіп, өзінің жаттығу процесі, алдағы жоспарлары және Қазақстан спортының даму келешегі жөнінде баяндады.

Іс-шара соңында, И. Ильин ауыр атлетикадан Ұлыбритания студенттері арасындағы чемпионаттың жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты.

Соңғы жаңалықтар