Іле-Алатауы ұлттық паркінің басшысы шағымдарды Фейсбук арқылы қабылдамақ

Асқар Қаймақов Фейсбук әлеуметтік желесіндегі парақшасында Іле-Алатауы Ұлттық паркінің бас директоры Дамир Малгелдиевпен танысқаны туралы, өзекті мәселені сөз жайында жазады.
«Іле-Алатауы Ұлттық паркінің қызметі менің, менің достарымның да көңілінен шықпайтын-ды. Кезекті түсінбестіктен кейін, мен тұп-тура Каменкаға барып, бас директорымен арнайы таныстым. Біріншіден, барлығы мен ойлағандай нашар емес екен. Екіншіден, парк әкімшілігі көптеген мәселеден хабардар және оны шешу жолында әрекеттеніп жатыр. Үшіншіден, Дамир Нұрбекұлы менің кеңесімді қабыл алып, Фейсбуктен жеке парақшасын ашты. Енді сұрақтарды тікелей сол жерде Фейсбук арқылы қоюға болады. Сонымен қатар, парктің көркіне қатысты бастамаларына қолдау білдіруге де болады», - деді Асқар Қаймақов.
Еске сала кетейік, ұлттық парктердің қызмет көрсету сапасы туристік компаниялар деңгейінде жиі сыналып жатады. Дегенмен, Алматы қаласы биылдан бастап, ұлттық парктерде айтулы бағыт-бағдарлар бойынша сілтемелер мен биодәретханалар орнату жағын қолға алды.
Айта кетерлігі, Іле-Алатауы ұлттық табиғи саябағы, Іле Алатауының әсем ландшафтарын қорғау, өсімдік жамылғысы мен жануарлар әлемін сақтау, туризмді дамыту мақсатында ұйымдастырылған. Ауданы 202 мың га, ол Алматы қаласынан оңтүстікке қарай Іле Алатауының (Тянь-Шань) солтүстік беткейінде, батыста Шамалған өзені, шығыста Түрген өзенінің аралығындағы ұзындығы 120 км, ені 30 - 35 км аймақты алып жатыр. Оның құрамына 4-Ақсай, Медеу, Талғар және Түрген орманы аумағындағы таулар енеді. Онда балықтардың 4, қосмекенділердің 2, құстардың 11, сүтқоректілердің 7 түрі Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.