Іле Алатауы ұлттық табиғи саябағында өрт шығып, бір адам мерт болды

АСТАНА. 21 қазан. ҚазАқпарат - Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағында шабындық шөп пен орман алқабы өртенді, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
None
None

Өртті сөндіру кезінде мемлекеттік ұлттық саябақтың 41 жастағы инспекторының басына тас құлап ауруханада көз жұмды.

Өрт шарпыған аумақ 1 гектар орман алқабы мен 5 гектар шабындық шөп алаңы. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Алматы облысы және Алматы қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 2 техникасы мен жеке құрамының 25 адамы, Іле Алатуы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының 65 адамы, «Авиаорманқорғау» РМК 1 тікұшағы мен 15 адамы, Алматы қаласы құтқару қызметінің 1 тікұшағы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар