«Іле» полигонында 7 мемлекеттің қатысуымен ҰҚШҰ-ның бірінші бітімгерлік оқу-жаттығуы басталды

АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін «Іле» полигонында ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары-ҚР ҚМ Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың басшылығымен 
None
None

«Мызғымас бауырластық-2012» бірлескен бітімгерлік оқу-жаттығуы салтанатты түрде басталды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен мәлім етті.

Шара оқу-жаттығуға қатысушы - Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттерінің туларын көкке көтерумен және мемлекеттік әнұрандарын орындаумен басталды.

«Бүгінгі оқу-жаттығудың маңыздылығы ерекше. Бұл - бітімгерлік күштердің оқу-жаттығуы. Арнайы дайындалған контингент қатысатын бітімгерлік әрекеттер классикалық жауынгерлік әрекеттерден айырмашылығы көп. «Мызғымас бауырластық-2012» оқу-жаттығуы ҰҚШҰ қатысушы-мемлекеттер арасындағы бітімгерлік саласында өзара түсінушілік пен ынтымақтастықты нығайтатындығына кәміл сенемін»,- деді генерал-полковник Сәкен Жасұзақов.

Қатысушы мемлекеттердің әскери атташелері де аталмыш шара халықаралық әскери ынтымақтастықтың дамуының маңызды кезеңі болатындығын атап өтті.

Салтанатты рәсім қазақстандық десантшы-жауынгерлердің үлгілік көрсетілімдері мен бітімгерлік контингенттердің әскери бөлімшелерінің салтанатты шеруімен аяқталды, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Аэроұтқыр әскерлерінің «Мызғымас бауырластық-2012» оқу-жаттығуының қатысушыларына арнайы әзірлеген шығармашылық концерті қойылды.

Енді он күн бойы жеті мемлекеттің әскери қызметшілері бітімгерлік операцияларды жүргізудің түрлі кезеңдерін меңгеріп, игереді. Бітімгерлер қақтығысушы жақтарды арашалап, ізгілік жүгін сүйемелдейді,  бітімгерлік колоннасына шабуыл жасаған шартты жаулармен күресте жаттығатын болады. Бөлімшелердің жеке құрамдары елдімекенді минасыздандыру, қарауларындағы объектіні күзету және қорғау, жаппай тәртіпсіздікпен күресу бойынша жаттығуларды орындамақ.

Соңғы жаңалықтар