Илхам Әлиевтің әйелі вице-президент лауазымындағы міндеттері жайында айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Азербайжан көшбасшысының әйелі, елдің бірінші вице-президенті Мехрибан Әлиева әлеуметтің мәселелерді шешумен шұғылданатындығын атап өтті.
«Менің тілегім - барынша халықтың әлеуметтік мәселелерін, әлеуметтік жағдайы төмен жандардың мәселелерін шешумен айналысу»,-деп мәлім етті Әлиева "Вести недели" теларнасында Дмитрий Киселевке берген сұхбатында.
Оның сөзіне қарағанда, елдің бірінші вице-президенті лауазымына тағайындау жөніндегі шешім - Азербайжан президентінің жеке бастамасы.
«Әрине, ұзақ жылдар бойы мен тек жұбайы ғана емес, президенттің серіктесі болдым»,-деп атап өтті Әлиева.
«Менің негізгі күмәнім, өзіме жүктелген жауапты істі қандай деңгейде атқара алатындығым төңірегінде болды»,-деп қосты ол.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 21 ақпанда президент Илхам Әлиев Мехрибан Әлиеваны Азербайжанның бірінші вице-президенті етіп тағайындау туралы өкімге қол қойған болатын.