22:54, 06 Тамыз 2025 | GMT +5
Илон Маск Grok 2 чат-ботының бастапқы кодын ашпақ
АСТАНА. KAZINFORM – Жасанды интеллект саласындағы xAI компаниясының иесі Илон Маск Grok 2 чат-ботының бастапқы кодын ашатынын мәлімдеді.

– Grok 2 бастапқы кодын ашатын уақыт келді. Келесі аптада бұл іске асырылады, – деп жазды Маск өзінің Х (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Еске сала кетейік, Илон Маск 2023 жылдың сәуірінде xAI стартапын құрған болатын. Компания жасанды интеллект жүйелерін әзірлеумен айналысады. Бірнеше айдан кейін xAI компаниясы жасанды интеллектке негізделген Grok чат-ботын таныстырды.
Биыл наурыз айында Илон Маск өзінің xAI стартапы өзі иелік ететін X әлеуметтік желісін сатып алғанын хабарлаған еді.
Айта кетейік, бұған дейін Илон Маск «болашақ асханасын» ашқаны туралы да ақпарат тараған болатын.