Илон Маск Иранның Жоғарғы көшбасшысына әлеуметтік желіде сұрақ қойды

АСТАНА. KAZINFORM — SpaceX пен Tesla компанияларының басшысы Илон Маск Иранның Жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеиге әлеуметтік желі арқылы үн қатты, деп жазды Оxu.az сайты

 Илон Маск
Фото: Grzegorz Wajda / Global Look Press

Миллиардер бұрынғы Twitter, қазіргі X платформасында Хаменеи парақшасындағы жазбаның астына пікір қалдырған.

– Америка — үлкен шайтан ба, әлде ұлы шайтан ба? – деп жазды Маск Хаменеи жазбасына жауап ретінде.

Израиль мен Иран арасындағы шиеленіс

13 маусымда Израиль Иранның ядролық және әскери нысандарына соққы жасап, «Қайсар арыстан» (ивр. «Rising Lion») операциясын бастады. Бұған жауап ретінде Тегеран «Шынайы уәде – 3» операциясын жүзеге асырып, Израильдің әскери нысандарына шабуыл жасады.

22 маусымға қараған түні АҚШ Әуе күштері Ирандағы үш ядролық нысанға соққы берді. АҚШ президенті Дональд Трамп бұл шабуылдардың мақсаты — Иранның уран байыту инфрақұрылымын жою екенін мәлімдеді.

23 маусымда Иран армиясы «Жеңіс туралы қуанышты хабар» операциясы аясында алты зымыранды Катарға, ал біреуін АҚШ әскери базалары орналасқан Ирак аумағына атты. Press TV мәліметінше, үш зымыран Катардағы АҚШ әуе базасына дәл тиген.

Соңғы жаңалықтар