Илон Маск Израильге барды
Америкалық кәсіпкер, Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы, Х (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінің иесі Илон Маск Израильге барды. Kazinform бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Илон Маск Тель-Авивке жеке ұшағымен келді. Ол Израиль президенті Ицхак Герцогпен, премьер-министр Биньямин Нетанияхумен кездесіп, Газа секторы шекарасындағы ауылдарды араламақшы.
Естеріңізге сала кетейік, қазір Израиль мен ХАМАС арасында Катардың араласуымен болған төрт күндік бітімгершілік аясында тұтқын алмасу ісі жүріп жатыр.