Илон Маск «Радио Свобода» және «Голос Америки» радиоларын жабуды ұсынды
АСТАНА. KAZINFORM – Америкалық миллиардер Илон Маск өзінің X әлеуметтік желісінде АҚШ үкіметі қаржыландыратын «Радио Свобода» және «Голос Америки» радиоларын енді ешкім тыңдамайтынын жазды, деп хабарлайды Kazinform.

Ол сондай-ақ бұл ақпарат құралдарында «Жылына АҚШ салық төлеушілерінің 1 миллиард доллар ақшасын жалмап, өз-өзімен сөйлесетін радикал солшылдар» жұмыс істейтінін айтты.
Yes, shut them down.
— Elon Musk (@elonmusk) February 9, 2025
1. Europe is free now (not counting stifling bureaucracy). Hello??
2. Nobody listens to them anymore.
3. It’s just radical left crazy people talking to themselves while torching $1B/year of US taxpayer money. https://t.co/PnmN4erD91
Илон Маск өзінің жазбасын АҚШ президентінің арнайы тапсырмалар жөніндегі арнайы өкілі, Ұлттық барлаудың бұрынғы директоры Ричард Гренеллдің X әлеуметтік желісіндегі жазбасына жауап ретінде жариялады.
Radio Free Europe and Voice of America are media outlets paid for by the American taxpayers.
— Richard Grenell (@RichardGrenell) February 9, 2025
It is state-owned media.
These outlets are filled with far left activists.
I’ve worked with these reporters for decades.
It’s a relic of the past. We don’t need government paid…
– «Свободная Европа» және «Голос Америки» радиосы – америкалық салық төлеушілер қаржыландыратын ақпарат құралдары. Бұл – мемлекеттік ақпарат құралдары. Бұл ақпарат құралдары әсіре солшыл белсенділерге толы. Мен бұл тілшілермен ондаған жылдар бойы жұмыс істеп келемін. Бұл – өткен нәрсе, - деп жазды Ричард Гренелл.
Бұған дейін Илон Маск TikTok-қа арналған жоспарын айтқан еді.