15:48, 11 Маусым 2025 | GMT +5
Илон Маск Трамптан кешірім сұрады
АСТАНА. KAZINFORM – Илон Маск АҚШ президенті туралы кейінгі жазбалары үшін көпшілік алдында кешірім сұрады, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Tesla және SpaceX негізін қалаушы мәлімдемелерінде тым артық кеткенін мойындады.
– Өткен аптада президент туралы жазған кейбір жазбаларыма өкінемін. Шектен шығып кетіппін, - деп жазды кәсіпкер X желісінде Дональд Трамптың аккаунтын белгілеп.
Бұған дейін Илон Маск X парақшасында республикашылдардың ауқымды заң жобасын қатал сынға алған болатын. Кейін Маск пен Трамптың жанжалынан соң олардың компаниялары акцияларының құны құлдырады. Осы жағдайларға қатысты Трампқа Илона Маскты АҚШ-тан шығарып жіберуге кеңес берілді.