Илон Маск Трампты қолдау үшін 200 миллион доллар жұмсаған

АСТАНА. KAZINFORM – SpaceX негізін қалаушы Илон Масктың “America PAC” саяси комитеті республикашыл кандидат Дональд Трамптың президенттік науқанына қолдау көрсету үшін шамамен 200 миллион доллар жұмсаған. Бұл туралы «Associated Press» ақпарат көздеріне сүйене отырып хабарлады.

Дональд Трамп готов назначить Илона Маска главой комиссии по аудиту правительства
Фото: www.rfi.fr/ru

Мәліметтерге сәйкес, Масктың комитеті Трампты қолдау үшін 200 миллион доллар жұмсаған, бұл миллиардерлердің АҚШ сайлауына әсер ету қабілетінің жаңа көрсеткішін белгіледі. Tesla және SpaceX бас директоры бөлген қаржы негізінен дауыс беру көрсеткіші төмен болған аймақтар мен бірінші рет дауыс беретін сайлаушыларды тартуға бағытталған.

Трамп президенттік бәсекеде Масктың қолдауын жоғары бағалады.

Басылымның жазуынша, Маск өзінің X әлеуметтік желісінде АҚШ-тың саяси мәселелеріне үнемі түсініктеме беріп, жылдар бойы саяси белсенділік танытып келеді.

Атап айтқанда, ол екі партияны да қолдамайтынын айтып, демократтар мен республикашылдарды ашық сынаған. 

Алайда, уақыт өте келе оның көзқарасы көбірек республикашылдарға қарай ауа бастады және осы жылы Илон Маск Трампты қолдау үшін «America PAC» саяси комитетін құрды.

Қоса кетейік, бұған дейін Дональд Трамп пен Илон Маск әлеуметтік желіні қалай пайдаланып жатқаны туралы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар