Илон Маск Трамптың заң жобасын сынға алды
АСТАНА. KAZINFORM – Илон Маск X әлеуметтік желісінде республикашылдардың заң жобасын қатал сынға алып, оның «нағыз масқара» екенін жазды, деп хабарлайды NBC News.

- Кешіңіріз, бірақ мен енді бұған шыдай алмаймын. Бұл Конгресс шығындары туралы адамның ашуын тудыратын жиіркенішті заң жобасы. Осы жобаға дауыс бергендер өздерінің дұрыс істемегенін біледі, - деп жазды Илон Маск Х-те.
Маск «шошқа тәрізді заң жобасына» сілтеме жасағанда «pork-filled» «шошқа етімен толтырылған» терминін қолданған. Сайлаушылардың, бизнесмендердің немесе саясаткерлердің кейбір кіші топтарының мүддесі үшін саясаткерлер лобби жасайтын бюджет шығындарын осылай атайды.
Маск мәлімдемесін Конгрестің қолға алынған шаралары тапшылықты 2,3 трлн долларға дейін ұлғайтатынын айтқаннан кейін жасады. Себебі салықтық жеңілдіктер, миграциялық қамтамасыз ету шараларына бөлінетін қаржының шығыны үнемдеуден асып түспек.
NBC News басылымының хабарлауынша, Масктың наразылығын әлеуметтік медиа арқылы білдіруінің артында төрт мәселе болуы мүмкін.
Біріншіден, заң жобасында электромобильдерге жеңілдік жоқ. Ал бұл өз кезегінде Tesla үшін қажет нәрсе. Сондай-ақ Маск Азаматтық авиацияның федералдық басқармасы оның Starlink жүйесін пайдаланғанын қалаған еді. Бұған қоса заң жобасында Маск-тің одақтасы Джаред Айзекман NASA әкімшісі лауазымына ұсынылу туралы айтылмаған. Сонымен қатар Маск арнайы мемлекеттік қызметші лауазымында 130 күндік мерзімнен көп отырмақ болған. Алайда Ақ үй бұға келіспеді.
- Біз Илонның DOGE үшін істеген істеріне құрметпен қараймыз. Бұл мәселе бойынша біздің пікірлеріміз әртүрлі. Оның өз ойын білдіруге құқы бар, әрине, алайда біз алдыға бар жылдамдықпен жылжығалы тұрмыз, - Сенаттағы көпшілік көшбасшысы Джон Тьюн тілшілерге.
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт: «Тыңдаңыздаршы, президент бұл заң жобасында Илон Масктың қай позицияда тұрғанын қазірдің өзінде біледі. Бұл президенттің пікірін өзгертпейді. Бұл үлкен, әдемі заң жобасы және ол оны ұстанып отыр, - деп хабарлады.
Бұған дейін миллиардер, АҚШ үкіметінің тиімділігі департаментінің (DOGE) басшысы Илон Маск АҚШ әкімшілігіндегі қызмет мерзімі аяқталып жатқанын хабарлады.