Илон Масктың компаниясы миына датчик енгізуге рұқсат беретін адамдарды іздеп жатыр

чип,
Фото: Pixabay

Илон Масктың Neuralink компаниясы ми-компьютер интерфейсі (BCI) экспериментіне еріктілер іздейтінін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС жаңалықтарына сілтеме жасап.

Компания адамның миын компьютермен байланыстыруды жоспарлап отыр және өзінің жаңа технологияларын тексеріп көру үшін сал ауруына шалдыққан адамдарды іздейді.

Зерттеушілердің ойынша, миға қондырылған имплант жүйке импульстарын жібере алады, ол өз кезегінде шифрланады, ал сал ауруына шалдыққан адам ойлау күшімен компьютермен жазу мүмкіндігіне ие болады.

Мамыр айында бірнеше сәтсіз әрекеттен кейін Neuralink АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасынан (FDA) адамдарға клиникалық сынақ жүргізуге рұқсат алған.

Бастапқыда компания 10 еріктіге имплант енгізуге рұқсат сұрады, бірақ соңында қанша эксперимент жүргізуге рұқсат етілгені хабарланған жоқ.

Соңғы жаңалықтар