Илон Масктың компаниясы миына чип салған алғашқы адам ой күшімен шахмат ойнады

чип
Фото: видеодан алынған кадр

АСТАНА. KAZINFORM — Илон Масктің Neuralink компаниясы жүзеге асырып жатқан жобада тағы бір жетістік. Миына чип кіріктірілген науқас шахмат ойнады. Бұл жайында X (Twitter) желісінде кәсіпкердің өзі хабарлады. 

Еске сала кетейік, Илон Масктың Neuralink компаниясы былтыр адамға чип салуға рұқсат алған. 

Сөйтіп алғаш рет биыл қаңтарда адам миына имплантация жасап, чип салған болатын. 

Кеше Neuralink чипі бар науқас өмірінде бірінші рет шахмат ойнап көрді. Ойынның трансляциясы компанияның әлеуметтік желідегі парақшаларынан көрсетілді. 

29 жастағы Нолан Арбо сал болып туған, иығынан төмен ештеңе сезбейді.

Жас жігіт шахмат ойнағанды ұнатады, бірақ оған мүмкіндігі ешқашан болмаған еді.

Видеодан оның чиптің көмегімен компьютер экранындағы шахмат тақтасында курсор мен фигураларды ой күшімен жылжытқанын көруге болады.  

Ол мұның алдында тышқанның курсорын ой күшімен басқарып үйренген болатын.  

Бұған дейін Илон Маск бұл технология аяқ-қолын басқара алмайтындар үшін жасалып жатқанын түсіндірген еді.

 

Соңғы жаңалықтар