Илья Мизерных әлем чемпионатында үздік ондыққа енді

АСТАНА.KAZINFORM - Қазіргі таңда Норвегияның Лиллехаммер қаласында шаңғы спорты түрлерінен жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Мизерных
Фото: ҚР ҰОК

ҚР ҰОК мәліметінше, ерлер арасында Қазақстан құрамасы сапынан ең үздік нәтижені Илья Мизерных көрсетті. Спортшы 263 ұпай жинап, алтыншы орынға тұрақтады.

Австриялық Штефан Эмбахер 296,5 ұпай еншілеп, жарыс жеңімпазы атанды. Күміс медальді польшалық Кацпер Томасяк (287,3) иеленсе, америкалық Джейсон Колби 276 ұпаймен қола жүлдеге қол жеткізді.

Қазақстандық Артем Мешков жарысты 22-орында аяқтады. Ал Даниил Калинкин алғашқы секіру қорытындысы бойынша 42-орын алып, финалдық кезеңге өте алмады.

Айта кетейік, қазақстандық теннисші, әлемнің 88-ракеткасы Александр Шевченко Индиан-Уэллс (АҚШ) ATP 1000 турнирінің екінші айналымына жолдама алды.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум