Илья Скуб Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу комитетінің төрағасы болып тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Илья Васильевич Скуб Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Скуб
Фото: primeminister.kz

1987 жылы Целиноград қаласында дүниеге келген. Қаржы полициясы академиясын бітірген.

2007-2015 жылдары – ҚР Қаржы полициясы органдарында қызмет еткен, Астана қаласы.

2015-2016 жылдары – «Vasil Sport» ЖШС заңгері, Астана қаласы.

2016-2019 жылдары – «Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ Арнаулы әлеуметтік қызметтер және әлеуметтік мекемелер қызметін үйлестіру бөлімінің басшысы.

2019-2022 жылдары – «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ басшысының орынбасары, басшысы.

Айта кетейік, Гүлжан Жарасова Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы болды.

Соңғы жаңалықтар