Иманбек екі құрлықтың музыканттарымен ән жазды

Қазақстандық музыкант Иманбек екі құрлықтың өкілдерімен ән жазды. Олардың бірі Ұлыбританияда, екіншісі АҚШ-та тұрады, деп хабарлайды Kazinform Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

музыка
Фото: ашық дереккөздерден

Музыка продюсері Aarne «AA LANGUAGE 2» туындысының екінші бөлімін жазды. Жаңа альбомды ол танымал шетелдік рэп және хип-хип өкілдерімен бірге шығарды.

«Мен екінші бөлімін жазып жатырмын. Шынымды айтсам, осыған дейінгі трэктер өте қатты ұнады. Меніңше, «aa2» жаңа ойлардан дүниеге келген туынды және мен мұндай шығармаларды бірінен соң бірін жазып көрген емеспін. Ал сіздер қонақтардың кім екенін білесіздер ме ? <Естен танып қалмаңыздар> xDD»,-деп жазды Aarne.

«AA LANGUAGE 2» 15 композициядан тұрады. Aarne 19 музыкантпен шығарма жазған. Олардың бірі павлодарлық саунд-продюсер Иманбек Зейкенов. Олар жазған туында альбомға кірген жетінші шығарма. Олардың екіншісі ғана ағылшын тілінде жазылған, қалғандары орыс тілінде. «Ice ice ice» туындысымен Иманбектен басқа рэпер NLE Choppa да жұмыс істеген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Imanbek Musiс (@imanbekmusic)

 

Соңғы жаңалықтар