Imanbek қайтадан Grammy сыйлығына ұсынылды
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық диджей әнші Taichu-мен бірге латынамерикалық өнер және ғылым академиясының сыйлығына ұсынылды.

Иманбек Зейкенов бұл туралы ақпаратты өзінің Instagram парақшасында жариялады.
«Латын электронды музыкасының үздік орындаушысы» аталымы бойынша «Ella Quiere Techno» трегіне әнші Taichu-дың ремиксі таныстырылды.
Осы аталым бойынша тағы 4 трек таласады. Жеңімпазға дауыс беру 1 қазанда басталады. Ал «Латын грэммиі - 2025» сыйлығын табыстау рәсімі 13 қарашаға жоспарланған. Салтанатты рәсім Лас-Вегаста өтеді.
Айта кетейік, Иманбек Зейкеновтың (Imanbek) әнші Saint Jhn-дің трегі бойынша шығарған ремиксі «Грэмми» сыйлығын 2021 жылдың наурызында жеңіп алған еді.
Кейінірек, яғни 2021 жылдың мамырында Иманбек Billboard Awards марапатына ие болды.