09:45, 09 Сәуір 2022 | GMT +5
Иманбек көпшілікке жаңа туындысын ұсынды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Grammy сыйлығының иегері Иманбек Зейкенов америкалық әнші Salem Ilese-мен бірігіп жазған жаңа композицияны көпшілікке таныстырды. Бұл туралы музыканттың өзі Instagram желісіндегі парақшасында ақпарат таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа туындының атауы – «Married to your melody». Тректі бүкіл музыкалық алаңдардан тыңдауға болады.
Жуықта ғана Иманбек АҚШ пен Еуропада жеке тур өткізетінін мәлімдеген болатын.
Ол тур 8 сәуірде Нью-Йоркте басталып, 25 қыркүйекке дейін жалғасады. Барлығы 24 концерт беру жоспарланып отыр. Тур барысында Иманбек Канада, Швеция, Норвегия, Италия, АҚШ, Германия және Латын Америкасы елдерінде концерт бермек.