Имидждік іс-шараларды қысқартудан 68 млрд теңге үнемделді — Қаржы министрлігі
АСТАНА. KAZINFORM — Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы бюджет қаржысының қалай үнемделгенін айтып берді.
— Штаттық бірлікті, ғимарат жалдау, көлік тасымалы шығынын қайта есептеу, іссапарлар мен байланыс қызметін ретке келтіру, барлық шаруашылық тауар бойынша түгендеу жүргізу нәтижесінде үнемделді. Кейбір қайталанатын баптар болған. Сондай-ақ бір реттік гранттар, субсидия және экономикалық тиімділігі төмен жобалар бойынша да осындай жұмыс жүргіздік. Жоғарыда аталған жәйттің бәрі қайта қаралып, соның аясында 68 млрд теңге үнемделді, — деп жауап берді Абзал Бейсенбекұлы Мәжілісте өткен баспасөз мәслихатында.
Еске салсақ, Президент 2019 жылы әкімдерге имидждік іс-шараларды күрт азайтуды тапсырған еді.
Ал былтыр имидждік шаралардан бас тартудың нәтижесінде үнемделген қаржының қайда жұмсалатыны туралы жазған болатынбыз.