18:37, 23 Ақпан 2009 | GMT +5
Импорттық баға арзандағанмен, базардағы баға бұрынғы күйінде ? Маңғыстау облысы
АҚТАУ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Кеден комитетінің мәліметі бойынша, ақпан айының 13-і мен 19-ы аралығында Маңғыстау облысында азық-түлік пен халық тұтынатын тауарлардың импорттық бағасы арзандады, бірақ олардың базардағы орташа бағасы бұрынғы қалпынан өзгермеген,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Кедендік бақылау департаментіне сілтеме жасап. Мәселен, картоптың 1 киләсінің орташа импорттық бағасы бұған дейін 23 теңге болса, қазір ол 20 теңгеге түсті, ал базардағы құны бұрынғыдай 98 теңге болып қалды. Осылайша картоптың орташа бөлшек саудадағы бағасы импорттық бағадан 4,9 есе көбейді. Ал қиярдың киләсі бұрын 44, қазір 20 теңгеге сатып алынып, базарда 244 теңгеге бағаланып жатыр. 40 теңгенің 1 килә қызанағы осы аралықта импорттық бағамен 20 теңгеге түсті. Халық оны базардан 290 теңгеге алады. Тұтынатын тауарлардан 1 жұп аяқ киімнің орташа импорттық бағасы 3288 теңгеден 1403-ге түсіп, базарда ол 6071 теңгеге сатылуда. Оның импорттық бағасынан базардағы орташа баға 4,3 есе көбейген. Ерлер шалбары импорт бағасымен 802 теңгеге алынып, базарда 1140 теңгеге сатылған. Екеуінің арасында 6 есе айырмашылық бар.