01:29, 07 Тамыз 2017 | GMT +5
Иньиго Мартинес «Барселонаға» ауыспақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Реала Сосьедад» қорғаушысы Иньиго Мартинес «Барселона» клубына ауысуға жақын, деп хабарлайды prosports.kz

26 жасар қорғаушы қазіргі командасынан кеткізі келетінін клуб басшылығына айтып үлгерген.
«Барселона» қорғаушы үшін 32 млн еуро төлейді деп күтілуде. Ойыншыны каталондық клубтың жаңа бапкері Эрнесто Вальверденің өзі көргісі келіп отырған көрінеді.
ФОТО: real-fc.com