ИНЧХОН-2014: Қазақстан баскетболшыларының қарсыластары белгілі болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Баскетболдан Қазақстанның ерлер және әйелдер арасындағы құрама командаларының 17-ші Азия ойындарындағы қарсыластары белгілі болды, - деп хабарлайды sports.kz сайты.
None
None

Баскетболдан Қазақстанның ерлер құрама командасы Азия ойындарының квалификациялық турнирінде «В» тобында өнер көрсетеді. Онда Сауд Арабиясы, Палестина және Үндістан құрама командаларымен бақ сынасады. Осы топта бірінші орын алған команда келесі кезеңде Иран және Филиппин құрамалары ойнайтын топшаға түседі. Ал екінші орын алған команда Қытай мен Қытайлық Тайбэй құрамаларымен ойнайды.

Ал әйелдер құрама командасы өз тобында Моңғолия, Непал, Катар және Гонконг құрамаларымен сынаға түседі. Бұл топтың жеңімпазы ширек финалда Оңтүстік Корея құрамасымен ойнайды. Ал екінші орын алған құрама Қытай құрамасымен кездеседі.

Баскетбол ойындары 21 қыркүйекте басталады.

Еске сала кетейік, 17-ші Азия ойындары Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында үстіміздегі жылы 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді. Ұйымдастырушы комитеттің деректері бойынша, Азияның 45 елінен келетін 15 мыңнан астам атлет 36 спорт түрінің 48 атауы бойынша жүлделі орындарды сарапқа салады. Жарыстар 49 нысанда өтпек. Олардың 16-сы Азиа ойындарына арнайы салынған. Бұл нысандарда барлығы 439 жарыс өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар