Индербордағы пәтер өртінен денесінің 95 пайызын күйік шалған әйел ауруханада қайтыс болды

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысының Индербор кентіндегі пәтер өртінен екі бала мерт болған еді. Сол өрттен 95 пайыз күйік алған әйел ауруханада қайтыс болды.

Маңғыстау облысында 36 адам тамақтан уланып ауруханаға түсті
Фото: Александр Павский/Kazinform

Бұл деректі Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады.

«Индер аудандық орталық ауруханасына 25 сәуірде өрттен күйік алған екі адам жеткізілді. Оның бірі – әйелдің жағдайы аса ауыр жағдайда деп бағаланды. Науқастың денесінің 90-95 пайызын күйік шалған. Дәрігерлер науқастың өмірін сақтап қалу үшін барлық ем-дом шараларын жүргізді. Алайда, түнгі сағат 03:30 шамасында әйел ауруханада қайтыс болды», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Қазір ауруханада ер адам емделіп жатыр. Оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысындағы Индербор кентінде өрттен екі бала мерт болған еді.

Кейін Атырау облысындағы өртте күйіп қалған екі адамның жағдайы ауыр екенін жазған болатынбыз.

Полиция Индербордағы екі баланың өмірін қиған өртке кінәлі күдіктіні қамауға алды. Сондай-ақ, Индерборда екі бала мерт болған пәтерден жанармай иісі бар құты табылды.

 

Соңғы жаңалықтар